USD: 471.5 / 474.1
  • EUR: 540.0 / 545.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

Қазақ тілі ChatGPT платформасындағы ең белсенді тілдердің бірі – Жұлдыз Сүлейменова

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Құзырлы министрлік мұғалімдерді жасанды интеллектіні ғылыми-зерттеу жұмыстарында, жобалар әзірлеуде және оқу үдерісінде тиімді пайдалануға үйретуді міндет етіп отыр.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, Қазір қазақ тілі ChatGPT платформасында ең белсенді қолданылатын тілдердің біріне айналып отыр. Бұл жайында ол "Ана тілі" басылымына берген сұхбатында айтты. 

"Жақында ChatGPT басшылығымен кездестік. Сонда олар қазақ тілінің ChatGPT платформасында қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Әсіресе қазақ тілінде ғылыми стильдегі сауалдар мен академиялық сұраныстардың саны айтарлықтай артқан. Оның басым бөлігін қазақстандық мұғалімдер құрайды екен. Мұғалімдер бүгінде ChatGPT-ді академиялық ізденістеріне пайдаланып, ғылыми сұрақтар қою арқылы өздерінің кәсіби деңгейін дамытып келеді. Кезінде Мәжіліс депутаты ретінде Жанарбек Әшімжан екеуіміз ChatGPT-ді қазақ тілінде толыққанды пайдалануға мүмкіндік жасау мәселесін көтеріп, осы бағытта депутаттық сауал жолдаған едік. Бұл мәселені бірнеше рет көтеріп, талап қойдық. Соның нәтижесінде қазақ тілі жүйеге енгізілді", – деді министр. 

Жұлдыз Сүлейменова қазір қазақ тілі ChatGPT платформасында ең белсенді қолданылатын тілдердің біріне айналғанына назар аударды. 

"Бұл – қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді. Ендігі міндет – мұғалімдерді жасанды интеллектіні ғылыми-зерттеу жұмыстарында, жобалар әзірлеуде және оқу үдерісінде тиімді пайдалануға үйрету. Мұғалімдердің осы бағыттағы құзыреті артқан сайын, қазақ тілінің ғылым мен жаңа технологиядағы мүмкіндігі де кеңейе береді деп сенемін", – деді ол. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау