Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Оңтүстік Корея президентін қарсы алды

Мемлекет басшылары шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға үшкүндік мемлекеттік сапармен келген Оңтүстік Корея gрезиденті Юн Сок Ёльді қарсы алды.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Осыдан кейін президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. 

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.

Корея басшысы құрметті қарауыл бастығымен қоштасты. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз