Қар аралас жаңбыр: Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Синоптиктер болжамы жарияланды.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жел соғып, тұман түсіп, найзағай ойнайды.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматыда найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Ұлытау облысында найзағай ойнап, жел күшейіп, тұман түседі.

Қостанай, Абай облыстарында жаңбыр, бұршақ, қар жауып, жел соғып, найзағай ойнайды.

Қонаев қаласы мен Маңғыстау облысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысында тұман түсіп, жел күшейіп, 3 градус аяз күтіледі.

Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұрқасын соғып, шаңды дауыл тұрады, жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы, Жетісу облыстарында найзағай, шаңды дауыл, екпіні 15-28 м/с жел соғады, жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жезқазған, Семей, Қарағанды қалаларында, Қарағанды ​​облысында найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз