USD: 473.1 / 477.1
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Қапшағай су қоймасында өзге адамды құтқармақ болған тұрғын қаза болды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қонаев әкімі суға батып кеткен тұрғынның ерлігін айтты.

Қонаев қаласының тұрғыны Андрей Козятинский Қапшағай су қоймасында өзге адамды құтқармақ болып, қаза тапты. Бұл туралы қала әкімі Асхат Бердіханов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Асхат Бердіхановтың айтуынша, Андрей Козятинский қиын сәтте өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, көмекке мұқтаж адамды құтқаруға ұмтылған. Алайда оның өзін аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қала әкімі бұл әрекетті ерлік пен жанқиярлықтың, адамгершіліктің айқын көрінісі деп бағалап, мұндай қадамға жүрегі кең, мінезі мықты адам ғана бара алатынын айтты.

Асхат Бердіханов қала тұрғындары атынан марқұмның әкесі мен ағасына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ әкім бірнеше жыл бұрын Андрей Козятинскийдің анасы да өмірден өткенін еске салды. Оқиғаның нақты қашан және қандай жағдайда болғаны әзірге белгісіз.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау