Тікелей эфир

Қаңтар оқиғасына қатысы бар қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Полицияға 20 күдікті жеткізілді.

Алматы және Шымкент қалаларында сонымен қатар Түркістан облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері құрықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық топтарды жою бойынша арнайы жұмысты жалғастырып жатыр.

17 маусым күні Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында ауыр қылмыстар жасаған, соның ішінде кәсіпкерлерді бопсалады деп күдікке ілінген қылмыстық топтың мүшелерін ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

"Топ мүшелерінің "қаңтар оқиғасының" белсенді қатысушыларымен байланысы бар екендігі анықталды. Полицияға 20 күдікті жеткізілді. 40-тан астам іздестіру шаралары өткізілді. Атыс және травматикалық қару, есірткі мен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктестер жаңалықтары