Тікелей эфир

Қай жерде еңбек ететін әскери қызметшілер бір жылда 45 күн демала алады

Бұл санатқа Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері де жатады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне ондағы қызметі еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы қырық бес күнтізбелік күн жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін биік таулы жерлердің және климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлердің тізбесін жариялады.

Бұл жерлерде еңбек ететін ҰҚК және әскери қызметкерлер жыл сайын 45 күн демалыс алу құқығын иеленеді.  

Биік таулы жерлердің (биіктігі 1500 метр және одан жоғары) тізбесі:

  • Жамбыл облысы – Жуалы ауданының  Б. Момышұлы ауылы;
  • Жетісу облысы – Ақсу ауданының Суықсай кенті.

Климат жағдайы ауыр және қолайсыз жерлердің тізбесі:

  • Ақмола облысы – Аршалы, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын және Целиноград (Астана қаласын қоспағанда) аудандары, Сілеті ауылдық округі мен Степногорск, Қосшы қалалары;
  • Ақтөбе облысы – Байғанин және Мұғалжар аудандары, оның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін – Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Қобды, Хромтау, Шалқар аудандары;
  • Алматы облысы – Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Кеген, Қапшағай, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандары, оның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін – Алматы қаласы Бостандық ауданы;
  • Атырау облысы – облыстың барлық аумағы;
  • ШҚО – Зайсан, Күршім, Қатонқарағай, Тарбағатай аудандары, оның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін – Алтай, Глубоковское, Шемонаиха аудандары, Риддер қаласы;
  • Жамбыл облысы – Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Талас, Шу аудандарында және Жаңатас қаласы, оның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін – Жамбыл, Жуалы, Мерке, Тұрар Рысқұлов атындағы аудандары;
  • БҚО – Жаңақала және Бөкейорда аудандары, сондай-ақ Теректі ауданының Тайпақ ауылдық округі, оның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін – Бәйтерек, Бөрілі, Жәнібек, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары;
  • Қарағанды облысы – Абай, Ақтоғай, Нұра, Қарқаралы, Шет аудандары, Балқаш және Приозерск қалалары;
  • Қостанай облысы – Арқалық қаласы, оның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін – Бейімбет Майлин, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Меңдіқара, Ұзынкөл, Федоров аудандары;
  • Қызылорда облысы;
  • Маңғыстау облысы;
  • Павлодар облысы – Май және Аққулы аудандары, оның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін – Железинка, Ертіс, Тереңкөл, Успенка, Шарбақты аудандары;
  • СҚО – Айыртау ауданы, оның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін – Ақжар, Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев атындағы, Мамлют, Уәлиханов аудандары;
  • Түркістан облысы – Созақ, Сарыағаш (Келес ауылдық округін қоспағанда) аудандары, Түркістан және Сарыағаш қалалары, оның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін – Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Төле би, Шардара аудандары;
  • Абай облысы – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жаңасемей, Жарма, Таскескен аудандары, Үржар ауданының Мақаншы ауылдық округі, Семей және Курчатов қалалары, оның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін – Бородулиха ауданы;
  • Жетісу облысы – Алакөл (Үйгентас ауылдық округін қоспағанда), Ескелді (Талдықорған қаласын қоспағанда), Кербұлақ, Көксу, Сарқан, Панфилов аудандары, Текелі қаласы және Ақсу ауылы, оның ішінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін – Ақсу ауданы;
  • Ұлытау облысы – Ұлытау, Жаңаарқа аудандары, Жайрем кенті, Сәтпаев, Жезқазған және Қаражал қалалары.
Серіктестер жаңалықтары