USD: 472.5 / 475.5
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Полицейлер қоғамдық тәртіпті бақылау үшін сөйлейтін дрондарды қолдана бастады

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Дрондар базарлар мен жәрмеңкелерде жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері дауыс күшейткіші бар жаңа дрондарды пайдалануға кірісті. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, өңірде дауыс күшейткішімен жабдықталған 10 жаңа дрон базарлар, сауда орындары және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері аумағында қолданылады. Олар әуеден азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке мүліктің қауіпсіздігіне мұқият болу және заң талаптарын орындау қажеттігін ескертіп отырады.

Полицейлердің айтуынша, жаңа құрылғылардың мүмкіндігі мұнымен шектелмейді. Олар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аулаішілік аумақтар мен адам көп жиналатын орындарды патрульдеуге, профилактикалық іс-шаралар өткізуге, сондай-ақ іздестіру жұмыстары мен жедел жағдайды әуеден бақылауға қолданылады.

Сонымен қатар дрондар ауқымды аумақтарды жедел шолуға, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын уақытылы жеткізуге және полиция нарядтарының жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау