Тікелей эфир

Петропавлдың мектептерінде жасанды интеллект қолданылады

Жасанды интеллектіні қолданып, тәлімгерлерге түрлі ойындар мен бейнероликтер көрсетеді.

Петропавлдың мектептерінде жасанды интеллект қолданылады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Яғни, ұстаздар жаңа технологияның көмегімен оқушыларға сабақ беріп жүр. Әдіс тәлімгерлер арасында пәнге қызығушылық тудырып, жұмысты жеңілдетеді дейді.

Бұл екінші сынып оқушыларының жаратылыстану сабағы. Оны жас маман Екатерина Стаценко ерекше форматта өткізеді.

Жасанды интеллектіні қолданып, тәлімгерлерге түрлі ойындар мен бейнероликтер көрсетеді.

Мысалы, бүгін балалар жануарлар әлемімен танысып жатыр. Жасанды жүйе оқушыларға тапсырмаларды да құрастырып береді. Оны әр оқушының ерекшелігін ескеріп, бейімдеуге де болады дейді.

Бірақ жасанды интеллект арқылы дайындалған тапсырмаларды міндетті түрде тексеріп отыру керек. Өйткені компьютер болғандықтан оқушыларға қате, әрі қауіпті ақпарат берілуі мүмкін дейді мұғалім.

"Жасанды интеллект арқылы балаларға сабақты түсіндіру әлдеқайда жеңіл. Олар тақырыпты тез меңгереді. Әдебиет сабақтарында да қолданған ыңғайлы. Оның көмегімен шығармаларға иллюстрация жасаймыз. Тіпті, ақын-жазушыларды сөйлетіп, өз өмірбаянын да айтқызуға болады", – деді бастауыш сынып мұғалімі Екатерина Стаценко.

Ұстаздың айтуынша, нейрожелі қағазбасты жұмысты жеңілдеткен. Қазір жас маманның қарым-қабілетін әріптестері де жоғары бағалап отыр.

"Жас маман жасанды интеллектіні біртіндеп бүкіл сабағына енгізіп келеді. Жаратылыстану мен әдебиет сабақтарынан бөлек математика сабағында да жаңа технологияны қолданады. Енді өз тәжірбиесімен әріптестерімен де бөлісіп жүр. Арнайы семинар мен сабақтар өткізеді", – деді орта мектеп директоры Гүлден Әленова.

Бірақ ұстаз жасанды интеллект мұғалімді толық алмастыра алмайды дейді. Өйткені мұғалім оқушыға білім беріп қана қоймай тәрбие ісіне де араласады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары