USD: 471.1 / 473.9
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.37 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Павлодарда тәрбиеші ерекше баланы ұрып жіберді

Қатыгездік танытқан тәрбиеші жұмыстан шығарылды.

Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды. Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Балаларды түзету орталықтарының бірінде қызметкер балаға дөрекілік көрсетіп отырған сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып кетті. Автордың айтуынша, қатыгездік танытқан тәрбиеші жұмыстан шығарылды. 

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Наталья Покидованың сөзінше, мекеменің тәрбиешісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша іс қозғалды. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.


Оқи отырыңыз: Елордада балабақшада 2 жасар сәбиді ұрды деген күдікпен тәрбиеші тергеліп жатыр


Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз