Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен биыл маусым айынан бастап патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін төлемақы артты. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұрын төленетін ақы 60 мың теңге болса, енді әлеуметтік аударымдарды қоса есептегенде 120 мың теңге шамасында алады.
"Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасылық құрылымы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Біздің ойымызша, патронат тәрбиешілердің қызметтеріне төленетін ақыны арттыру осы отбасыларда тәрбиеленетін балалардың өмір сүру деңгейін жақсартады", – деді комитет төрайымы Насымжан Оспанова.
Бүгінде елімізде отбасылық орналастырудың төрт балама түрі бар: бала асырап алу, қорғаншылық (қамқоршылық), патронат және қабылдаушы отбасы. Айта кетейік, интернат ұйымдарында 3 мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тәрбиеленіп жатыр.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63