31 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында екпе алғандар үшін iPhone12 мен басқа да бағалы сыйлықтардың төртінші ұтыс ойыны өтеді. Жеңімпаздар әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларының (Facebook, YouTube) тікелей эфирінде анықталады.
Ұтыс ойынына 24-30 шілде аралығында вакцина алғандар қатысады. Олардың екпені қай пунктіде алғаны маңызды емес: медициналық мекемелер, СОО/СҮ. Аталған аралықта екпе алғандар автомат түрде қатысатындықтан, құжат толтырып, тіркелудің қажеті жоқ.
Бұдан өзге 28 шілде мен 6 тамыз аралығында вакцинацияланғандардың арасында тағы үш iPhone12 ойнатылады. Аталған ұтыс ойынына "Абу Даби Плаза", "Керуен", "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталықтарында және оларға бекітілген БМСК ұйымдарында – №2, 9 және 14 қалалық емханаларда вакцина салдырған адамдар қатысады. Бұл ұтыс ойынының тікелей эфирі 7 тамызда өтеді.
Оқи отырыңыз:
- Елордада екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады
- Екпе алған студент жеке стартабын іске қосуға 5 миллион теңге алады. Жеңілдік ұсынатын ЖОО тізімі тағы онға көбейді
- Елордада екпе алғандар арасында кезекті екі iPhone12 ойнатылады
IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын әкімдік апта сайын – жаздың соңына дейін өткізеді. Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған. Ол жүлде иелерін вакцинацияланғандардың ID нөмірі арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.
Сондай-ақ, екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер де ойнатылады. Осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындарының елордада жылжымайтын мүлікті ұтып алу мүмкіндігі бар. Бұл ұтыс ойынына да вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, СОО-лар және сауда үйлері. Ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.
Сондай-ақ, MEGA Silk Way СОО вакцинация пунктінде бірінші компонентті салдырғандар арасында автокөліктің ұтыс ойыны өтетін хабарлады. Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өз денсаулығын да, жақын және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Себебі, басты мақсат – ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы керек.