Тікелей эфир

Елордада екпе алғандар арасында кезекті екі iPhone12 ойнатылады

Ұтыс ойыны 17 шілде күні тікелей эфирде өтеді.

Екі iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың екінші ұтыс ойынына 7 шілде мен 16 шілде аралығында вакциналанған адамдар қатысады. Ұтыс ойыны тікелей эфирде 17 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook, YouTube желілеріндегі парақшаларында өтеді.

Birge платформасында байқау жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер қызметі орнатылған, ол жеңімпаздарды ID арқылы таңдайды. Бүгінгі күні сервис Денсаулық сақтау министрлігінің вакцинацияланғандар туралы мәліметтерімен біріктірілген. Осыған байланысты екпе алған елорда тұрғындары конкурсқа автоматты түрде қатысады, оған арнайы құжат толтырып, қосымша вакцина алудың еш қажеті жоқ. IPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын елорда әкімдігі апта сайын жаздың соңына дейін өткізеді.


Оқи отырыңыз: Өңірлерде Hayat-Vax вакцинасы тапшы. Жуырда екпенің тағы бір партиясы жеткізіледі


Айта кетейік, елорда тұрғындары арасында вакцинация алудың белсенділігін арттыру үшін бағалы сыйлықтар ойнатылады. Екпе алғандар арасында өтетін ұтыс ойынына екі бөлмелі пәтер де қойылды. Жылжымайтын мүлікті жеңіп алуға осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қала тұрғындары қатысады. Бұл ұтыс ойынына елордадағы вакцинацияның барлық пункті қатысады: медициналық мекемелер, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері. 

Ұтыс ойындары демеушілердің көмегімен өткізіледі.

Серіктестер жаңалықтары