Пәтер ұтысына 25 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатысады.
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісінде қала тұрғындарын ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны енгізіліп жатқанын хабарлады. Ал жаңадан вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнатылады. Пәтер инвесторлар есебінен тігіледі. Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі пункттерінде екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатысады.
"Ал пәтер ұтысының ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатысаады. Қыркүйек айының басында нәтижесін жариялаймыз. Конкурстың әділ өтуі және екпе алғандарды толығымен қамту үшін (көрсетілген кезеңде) IT-қоғамдастықты жұмылдырамыз", – деп жазды қала басшысы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз: Екпе алмаған қызмет көрсету саласы мен ірі ұжым қызметкерлеріне жұмысқа кіруге шектеу енгізіледі
Бұған дейін MEGA Silk Way СОО вакциналанғандар арасында автокөлік ұтыс ойыны өтетінін хабарлаған. Сол сияқты сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі пункттерінде вакцинацияланғандар арасында компьютерлік және тұрмыстық техникалардың, iPhone смартфонының ұтыс ойындары ойнатылады.
"Соңғы күндері тұрғындардың вакцина алудағы белсенділігі қуантады. Қала тұрғындары осылайша өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай бастады әрі "Дельта" штаммының қаупін түсінді. Вакцинация – пандемиямен күрестегі жалғыз, тиімді әдіс", – деді Алтай Көлгінов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇨🇳 Сыртқы істер министрлігі: Қытаймен визасыз режим 2-3 айдан соң енгізіледі
-
353
-
0
-
2
-
-
2🚆 Астанаға пойызбен келген жолаушылар Бурабай мен Баянауылға қалай жете алады?
-
376
-
0
-
1
-
-
3👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
303
-
0
-
0
-
-
4🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
293
-
1
-
2
-
-
5🎪Ерекше қажеттілігі бар адамдар қандай мәдени іс-шараға тегін кіре алады?
-
297
-
0
-
0
-
-
6🦛🦒 Қазақстанда қандай жануарларды спорт жарыстарына қатыстыруға болады?
-
294
-
0
-
0
-
-
7🔠 Түркі елдеріне ортақ әліпби: Қазақстан ғалымдары бұған не дейді?
-
286
-
0
-
3
-
-
8📝 Тұрғындары Тоқаевқа үндеу жолдаған Торанғалық ауылы таратылмақ
-
311
-
0
-
0
-
-
9🪖 Әскерде жүрген сарбаздардың несиесі уақытша тоқтатылады
-
327
-
0
-
0
-
-
10🕌 Қазақстан имамдары жұма мен тарауық намаздарын бірізді оқуға үндеу жасады
-
303
-
0
-
4
-