Новости спорта

Орталық ғылыми кітапхана ҰҒА құрамына берілмейді

Қазір Ұлттық ғылым академиясын қайта ұйымдастыру жүргізіліп жатыр.

Parlam.kz сайтында бірқатар Мәжіліс депутаттарының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атына жолдаған сауалына жауап жарияланды. Бірақ, бұл сауалға жауапты оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов берген.

Министрдің жауабында мемлекет басшысының жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "ҚР ҰҒА" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ҰҒА-ны қайта ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылған.

"Бұрынғы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрамында болған Орталық ғылыми кітапханасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы №84 қаулысымен "Ғылым ордасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрамына енгізілген. Бүгінгі күні Орталық ғылыми кітапхананы кәсіпорынның жетекші құрылымдық бөлімдерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты, Орталық ғылыми кітапхананы "ҚР ҰҒА" республикалық қоғамдық ұйымының құрылымына беру мүмкін емес" делінген депутаттық сауалға берілген жауапта.


Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты Ғылыми кітапхананы дербес мекеме етуді ұсынды


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары