Тікелей эфир

Орталық атқарушы орган басшыларының халықпен кездесуі қалай өтеді?

Президент орталық атқарушы орган басшыларының халықпен кездесу өткізуі туралы қаулыға қол қойды.

Оған сәйкес, Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда орталық атқарушы органдардың басшылары жыл бойы халықпен тұрақты кездесулер өткізуі тиіс. Оның тәртібі:

  • жыл сайын 1 желтоқсанға дейін орталық атқарушы органдар алдағы күнтізбелік жылға арналған кестені қалыптастыру үшін ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жібереді;
  • жыл сайын 15 желтоқсанға дейін ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган кестенің жобасын премьер-министр кеңсесіне енгізеді;

Сондай-ақ, қандай да бір өңірде жетекшілік ететін салада жағдайдың нашарлау тәуекелдері болжанған не туындаған жағдайда, халықпен кестеден тыс кездесу өткізу міндеттеледі. Кездесуде халықтың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда пікір білдіру мүмкіндігін міндетті түрде бере отырып, онлайн-трансляциялар, сондай-ақ қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс ұйымдастырылуы тиіс.


Оқи отырыңыз: Саясаткер: Мемлекет мықты болса, ықпалды парламент президентті бақылайды


Баяндама кездесу үшін жоспарланған уақыттың төрттен бірден аспауы қажет, ал қалған  бөлігін "сұрақ-жауап" форматында өтеді.

  • халықпен кездесу өткізу шеңберінде:
  • азаматтарға жеке қабылдау жүргізу;
  • коммерциялық емес ұйымдармен кездесулер;
  • бұқаралық ақпарат құралдарына арналған брифинг қамтамасыз етіледі.

Халықпен кездесу өткізгеннен кейін:

  • айтылған барлық проблемалық мәселелерді жүйелеу;
  • кездесулер мен азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, қорытындылары туралы ақпаратты, проблемалық мәселелердің тізбесін, проблемалық мәселелерді шешудің нақты мерзімдерін, жауапты орындаушыларды көрсете отырып, оларды шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ресми интернет-ресурстарда орналастыру;
  • кездесулерде халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты орталық атқарушы органның ресми интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастыру қамтамасыз етіледі.

Қаулының толық мәтінімен Ақорда сайтында танысуға болады.

Серіктестер жаңалықтары