Оқу жылы 31 мамырда аяқталады, емтихандар 2 маусымда басталады

9-сынып емтихандары 2-13 маусым аралығында, 11-сынып емтихандары 5-19 маусым аралығында өткізіледі.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы оқу жылын аяқтау және  қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-та жазды.

Бұйрыққай сәйкес, барлық мектепте оқу жылы 31 мамырда аяқталады. 9-сынып оқушыларының емтихандары 2-13 маусым аралығында, 11-сынып оқушыларының емтихандары 5-19 маусым аралығында өткізіледі.

9-сынып оқушыларының емтихан кестесі:

  • 2 маусым – оқыту тілі;
  • 6 маусым – математика;
  • 9 маусым – қазақ не орыс тілі;
  • 13 маусым – таңдау пәні және шет тілі.

Оқи отырыңыз: Депутат "соңғы қоңырау" шарасын 30 мамыр не 1 маусымға ауыстыруды ұсынды


11–сынып оқушыларының емтихан кестесі:

  • 5 маусым – оқыту тілі;
  • 8  маусым – алгебра және анализ бастамалары;
  • 12 маусым – Қазақстан тарихы; 
  • 15  маусым – қазақ не орыс тілі;
  • 19 маусым – таңдау пәні және шет тілі.

Шолпан Каринованың сөзінше, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау бойынша тиісті шараларды ұйымдастырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз