Бұл сауалға 31 арна эфирінд саясаттанушы Ғазиз Әбішев жауап берді.
Саясаттанушының пікірінше, басқарушы партияда бұрын жақсы да, жаман да нәрселер болды. Өткеннің жаманынан арылу үшін де ребрендинг жасалып отыр.
"Меніңше, ребрендинг қажеттілік болды. Өйткені, қоғамда партияға өзгеріс керектігі жөнінде бұрыннан көп әңгіме айтылатын. Ендігі өзгерістер партия басшылығына байланысты. Жаңа төраға партияны адекватты болып, шынайы өмірге сай жұмыс атқаруы үшін жаңа мндеттер қойып отыр", – деді Ғазиз Әбішев.
Оның ойынша, Amanat саяси алаңдағы жалғыз ойыншы болмауы тиіс. Ол жалпы ойынның үздік ойыншысына ғана айналуы керек, ал алаңға өзге ойыншылар оңай келе алуы шарт. Егер партия осыған қол жеткізе алса, бұл оның заңдылығын күшейте түседі.
Оқи отырыңыз: Nur Otan партиясының атауын "Аманат" етіп өзгерту ұсынылды
Ғазиз Әбішев, сондай-ақ, партияның ең басты міндеті – ішкі саясатты реттеу болы керектігіне тоқталды. Атап айтқанда, мемлекеттік аппаратты жоғары деңгейде саяси бақылауға алу.
"Адамдар шенеуніктердің өз атқаратын қызметіне сәйкес келмейтініне, мәселеге бей-жай қарайтынына, қылмыстық әрекеттеріне жиі куә болып жүр. Бұл ретте партия мұндай шенеуніктерді өзі қатаң бақылайтынын көрсетіп, белсенділік танытып, оларды жазаға ұсынуы керек. Бұрынғыша олардың қылмысын жабуды доғарғаны абзал", – деді Ғазиз Әбішев.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Бостандық ауданында өрт орнынан 4 адамнан тұратын отбасы құтқарылып, 70 адам эвакуацияланды
-
273
-
0
-
0
-
-
2Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
-
286
-
0
-
0
-
-
3Қайырлы таң!
-
209
-
0
-
10
-
-
4Автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауды және транзитті дамыту
-
179
-
0
-
2
-
-
52024 жылы қажылыққа биылғы 20 желтоқсанға дейін тіркелген азаматтар ғана бара алады
-
140
-
0
-
2
-
-
6💬Мемлекет жастардың мұғалім атануға ұмтылысын әрі қарай да қолдайды – Әлихан Смайылов
-
121
-
0
-
1
-
-
7Көктайғақ: елордада травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді
-
33
-
0
-
0
-