Тікелей эфир

#Наурыз2024: Қазақстандықтар әлеуметтік желіде онлайн-фестиваль бастады

Былтыр қолданушылар Наурыз мейрамы туралы 16 мыңға жуық бейнеролик түсірген.

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде #Наурыз2024 онлайн-фестивалін бастады. Арнайы #Наурыз2024 хештегі арқылы қазақстандықтар онлайн-фестивальге қосылып, мерекенің ең тамаша сәттері туралы суреттер мен видеолар жариялай алады. 

"Әлеуметтік желілер Қазақстанның ұлттық мәдениетіне үлкен көңіл бөле отырып, адамдарды өз шығармашылығын жария етуге, ұлттық дәстүрлерге қызығушылық танытуға шабыттандырады. Платформа қазақстандықтарға Наурыз мерекесін жақындарымен ғана емес, сонымен қатар платформаның орасан аудиториясымен бірге мерекелік көңіл-күймен алмасуға мүмкіндік береді. Ал өткен жылы қолданушылар Наурыз мерекесіне орай 16 мыңдай бейнебаян түсіріп: сүйікті тағамдарының мәзірлерін жариялап, елдің әр шалғайындағы мейрамдардан репортаждар жүргізіп, халықтық думанды көрсетіп, мерекенің тарихы мен оның әдет-ғұрыптары туралы әңгімелеп, дәстүрлі киімдердің көркемдігін паш етіп, платформаны ұлттық музыкамен толтырған болатын", – деді ұйымдастырушылар. 

Биыл да TikTok кең ауқымды виртуалды Наурыз фестивалін бастай отырып, қолданушыларын #Наурыз2024 хэштегімен бейнебаяндар мен фотоконтент жасауға шақырып отыр. Платформа қолданушыларды әртүрлі тақырып бойынша контент түсіруге, яғни тағамдар әзірлеуден бастап ұлттық сән үлгілеріне дейін, аңыздар мен дәстүрлерден музыка мен биге дейін үндейді. Ең креативті бейнебаяндардың авторлары TikTok-тың бағалы сыйлықтарына ие болады.


Оқи отырыңыз: Наурыз тарихынан он сұрақ: Тестке жауап беріп, біліміңізді тексеріңіз


Бұл бастама Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асады. 

 "#Наурыз2024 жобасының Қазақстанның мәдениетін жаһандық тұрғыда ілгерілетуде маңызы өте зор. TikTok-тың миллиондаған қолданушысы қазақ халқының ғажайып мәдениеті, әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлерімен таныса алады. Біз де осы жобаның арқасында бүкіл елдегі отандастарымыз сүйікті мейрамдарын бұрынғыдан ауқымды атап өтетіндіктері үшін қуаныштымыз", – деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.

"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов өткен жылы қолданушылардың байқауға ықыласпен қатысқанын айтады. 


Оқи отырыңыз: Жұмақ гүлі. Неге әз Наурыздың жаңа символы болып үш қызғалдақ таңдалды


"Біз Наурыз мейрамына арналған онлайн-фестивальді екінші жыл қатарынан қолдап отырмыз. Өткен жылғы тәжірибе қолданушылардың байқауға ықыласпен қатысқанын көрсетті. Мен #Наурыз-2024 фестивалі бұрынғыдан да танымал болатынына сенімдімін, өйткені бұл біздің басты әрі сүйікті ұлттық мерекеміз. Сонымен қатар, биылдан бастап Наурыз мерекесін жаңа форматта, яғни Наурызнама онкүндігі аясында тойлағалы отырмыз. Жыл сайынғы диджитал-жоба халқымыздың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін сақтауға септігін тигізеді деп ойлаймын. Биыл да талантты жерлестерімізден көптеген жарқын да әдемі контент көреміз деп ойлаймын", – деді "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.

Былтыр қолданушылар Наурыз мейрамы туралы 16 мыңға жуық бейнеролик түсірген.

"Қоғамдастықтың белсенді қатысуы мен қазақстандықтардың керемет шығармашылық рухының арқасында платформада, тіпті, дәстүр мен заманауи әуендерді жарасымды түрде үйлестіретін бірегей музыкалық тренд пайда болса – бұл халық әні "Қамажайдың" ремиксіне орындалған би. Біздер #Наурыз2024 фестивалі барынша адамдардың басын қосып, шын мәнінде де салтанатты әрі есте қаларлық оқиғаға айналатынына сенеміз", – деді TikTok-тың Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы операциялық бөлімінің басшысы Екатерина Блинец. 


Оқи отырыңыз: Наурыз он күн мерекеленеді. Мейрамның жаңа логотипі бекітілді


#Наурыз2024 жобасының қорытындысы, үздік видеороликтер мен жеңімпаздардың есімі 22 сәуірде жария болады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары