Мүгедектігі бар адамға тиісті қызмет көрсетпеген әуе компаниясы жауапқа тартылды

Фото: Аzattyq-ruhy.kz
Фото: Аzattyq-ruhy.kz
Оқиға 2024 жылғы 3 қарашада болған.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзғаны үшін әуе компаниясы жауапқа тартылды, деп хабарлайды бас көлік прокуратурасы. 

"2024 жылғы 3 қарашада Санкт-Петербург–Aстана рейсімен ұшып келген мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған жолаушыға әуе компаниясы тиісті қызмет көрсетпеген. Ұзақ күткен жолаушының әкесі баланы ұшақтан өзі шығаруға мәжбүр болды", – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе компаниясы қызметкерлерімен мүгедек арбасының қажеттігі туралы қате хабарламасы уақтылы қызмет көрсетпеудің себебі болды. 

"Астана авиациялық көлік прокуратурасы ерекше қажеттіктері бар жолаушының құқықтарының бұзылуы бойынша ықпал етті. Прокуратура актісі бойынша әуе компаниясы тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды (Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 571-бабының 1-бөлігі)", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау