USD: 469.7 / 472.5
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Мемлекеттік грантта оқитын студенттер де ипотека ала алады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
"Отбасы банк" студенттерге арналған ипотека шарттарын түсіндірді.

"Отбасы банк" мемлекеттік грантта оқитын студенттердің де ипотека рәсімдеуіне мүмкіндік бар екенін мәлімдеді. Енді олардың шәкіртақысы ресми табыс көзі ретінде есепке алынады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Банк өкілдерінің айтуынша, грантта білім алып жүрген жастар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысып, ипотекаға өтініш бере алады. Ол үшін студент оқу орнынан анықтама ұсынып, шәкіртақы мөлшерін растауы қажет.

Алайда мамандар стипендия көлемі баспана несиесін рәсімдеуге жеткіліксіз болуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан банк студенттерге екі қосалқы қарыз алушыны, яғни гарант тартуға мүмкіндік қарастырған.

"Егер стипендия көлемі жеткіліксіз болса, жас қарыз алушы екі қосалқы заем алушыны қоса алады. Олар міндетті түрде туысы немесе ата-анасы болуы шарт емес, кез келген үшінші тұлға бола алады", — деді Айжан Бүйенбаева.

Банк студенттің соңғы алты айдағы зейнетақы аударымдарын да тексереді. Сонымен қатар өтініш берген кездегі қаржылық жағдайы ескеріледі.

Жылжымайтын мүлік сарапшылары бұл бастаманы жастарға қосымша мүмкіндік ретінде бағалайды. Дегенмен бір ғана шәкіртақымен ипотека алу қиын екенін айтады.

"Қазіргі студенттердің көбі қосымша жұмыс істейді — курьер, такси жүргізушісі немесе даяшы болып еңбек етеді. Айына 200–300 мың теңге табыс табатын жастар үшін бұл тиімді болуы мүмкін", — деді Жеңіс Шәріпұлы.

Студенттердің өздері де шәкіртақыны табыс ретінде есептеу бастамасын қолдайды. Бірақ олардың пікірінше, ипотека рәсімдеу кезінде қосымша табыс көздерін де ескерген жөн.

Қазіргі таңда Қазақстанда бакалавриат студенттеріне төленетін шәкіртақы мөлшері мамандыққа байланысты белгіленген. Қарапайым грант иегерлері шамамен 52 мың теңге алады. Педагогикалық бағыттағы студенттердің шәкіртақысы 84 мың теңге көлемінде. Магистранттарға 117 мың теңге, ал докторанттарға 262 мың теңгеден астам төленеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз