USD: 466.7 / 469.1
  • EUR: 534.5 / 539.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

"Мемлекеттік бюджет шығыстарын оңтайландыру". 2 жылға мемқызметкерлердің айлығын көтеруге тыйым салынды

Жергiлiктi әкiмшiлiк органдарының қызметкерлерiне жалақыны көтеруге тыйым салынады.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров екі жылға мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеруге тыйым салды, деп хабарлайды 24.kg.

Президент Садыр Жапаров 2024-2026 жылдарға арналған мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыруға және жұмыс күшін кеңейтуге мораторий енгізді.

Бұл жарлық 6 қыркүйекте "Еркін-Тоо" газетінде жарияланған.

Министрлiктердiң, комитеттердiң, президент әкiмшiлiгi мен министрлер кабинетiнiң жанындағы құрылымдық ұйымдардың, президенттiң облыстардағы уәкiлеттi өкiлдiктерiнiң, сонымен қатар жергiлiктi әкiмшiлiк органдарының қызметкерлерiне жалақыны көтеруге тыйым салынады.

Құжатта мұндай шаралар "мемлекеттік бюджет шығыстарын оңтайландыру" мақсатында қабылданғаны айтылған. Соған қарамастан Садыр Жапаровтың өзі "арнайы шешімімен" жекелеген мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы мен қызметкерлер санын көбейте алады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау