Қазақстанда тоқыма бұйымдары өндірісінің негізгі үлесі Шымкент қаласы мен Түркістан облысына тиесілі.
Мәжіліс депутаты Ғани Ташқараев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевқа жолдаған депутаттық сауалында тоқыма өнеркәсібінің мәселелеріне назар аударды.
Депутаттың мәліметінше, жеңіл өнеркәсіп республикадағы өңдеуші өнеркәсіптің 1 пайызын және жалпы ішкі өнімнің құрылымында 0,1 пайызды құрайды. Қазақстандағы тоқыма бұйымдары өндірісінің негізгі үлесі Шымкент қаласына (25%) және Түркістан облысына (31%) тиесілі.
Оқи отырыңыз: "Абай киген тақия". Қыздар арасында тақия кию қалай трендке айналды?
"Тоқыма өнеркәсібі халықты, әсіресе әйелдерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретін әлеуметтік маңызы бар сала екенін ескерсек, онда осы саланың дамуына тиісінше қолдау көрсетуіміз қажет. Осындай ұсыныстар жергілікті халық пен кәсіпкерлер тарапынан өңірлерге барған іссапарымыз кезінде жиі көтерілген мәселелердің бірі болды", – деген Ғани Ташқараев тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдау мақсатында бірқатар ұсыныстарын айтты:
- мемлекеттік тапсырысты уақытылы орындай алмаған мекемелерді абыройсыз кәсіпкерлер тізіліміне енгізуге мораторий жариялау;
- жұмыс пен тапсырыстардың болмауы, салық салымдарының төленбеуі сияқты тұрақсыздық кезінде шоттарды бұғаттауға мораторий енгізу;
- шетелдік тоқыма бұйымдарының отандық өнімнен айтарлықтай арзан бағамен әкелінуін болдырмас үшін шекарада бақылауды күшейту;
- тоқыма бұйымдарын өндіру бойынша кешенді жоспар құру;
- өнім өндірушілерге өндіріс көлемін ұлғайтуға, жұмысшыларды қайта даярлау мен оқытуға қосымша субсидия бөлу.
- ішкі нарықта тауарларлы жарнамалауға көмек көрсету.
- "Самұрық-Қазына" қорында тоқыма бұйымдарына қатысты тендерлерге жалпы мемлекеттік стандарттар әзірлеу.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
270
-
0
-
4
-
-
2🥉 Мария Бровкова байдаркада және каноэде есуден жекелей жарыстың WС1 200 м бағдарламасында қола медаль жеңіп алды.
-
271
-
0
-
6
-
-
3🥳Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова қола жүлдегер атанды
-
257
-
0
-
4
-
-
4🥈 Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.
-
269
-
0
-
6
-
-
5🏘Үйлі болуды армандаған 233 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен шығарылады
-
251
-
0
-
6
-
-
6🤩🥈Ескекшілер тағы бір күміс сыйлады
-
247
-
0
-
9
-
-
7🚕Қалалар арасында жолаушы тасымалдайтын такси жүргізушілеріне талап күшейеді
-
250
-
1
-
6
-
-
8🚗Ақтөбелік эвакуатордың көмегімен автокөлікті ұрлап кеткен
-
227
-
0
-
3
-
-
9Ғабит Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды
-
232
-
0
-
2
-
-
10🥇 ХІХ Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына бесінші алтын жүлде түсті
-
238
-
0
-
8
-