Тікелей эфир

Мәжіліс депутаттары сепаратистік көзқарастағы ұйымдарға тексеру жүргізуді талап етті

Депутаттар шекаралық аймақтарда Қазақстан мемлекетінің ақпараттық күш-қуатын арттыратын тетіктер жасауды ұсынды.

"Аманат" партиясы фракция мүшелері Қазақстанның тұтастығына қауіп төндіретін сепаратистік ұйымдарға тосқауыл қоюды талап етіп депутаттық сауал жолдады. 

"Петропавл қаласындағы бірқатар азаматтың ҚР Конституциясына қайшы келетін мәлімдемелері қоғам арасында резонанс туғызып, бүкіл халықтың мазасын алуда. Бұл оқиға еліміздегі құқықтық сана және қоғамдық процесстер саласындағы фундаменталды проблемалардың бар екенін көрсетеді. Азаматтар өздерінің іс-қадамдары үшін нақты заң алдында қатаң жауап беретіндігін сезініп, түсінуі тиіс. Құқықтық мемлекет дегеніміз заң және тәртіп. ҚР Конституциясына сәйкес, іс-әрекеттері мемлекеттің территориялық тұтастығын бұзуға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тыйым салынған. ҚР Қылмыстық кодексінде елдің  тұтастығын бұзуға жария түрде шақыру әрекеттеріне ауыр жаза қарастырылған", – деді депутаттар. 


Оқи отырыңыз: Үкіметте ауыс-түйіс аяқталды. Жаңарған министрлер кабинетін таныстырамыз


Мұнымен қатар, фракция мүшелері мемлекеттің және шекаралық аймақтардағы ақпараттық қауіпсіздік проблемасы ушығып тұрғанын атап өтті. 

"Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкіліне әлеуметтік- экономика, саясат саладында өздерін көрсетуге, бейбіт, лайықты өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Сондықтан Қазақстанның әр-бір азаматы мемлекеттің бірлігі мен еліміздің территориялық тұтастығы үшін аянбай еңбек етіп, күресуі керек. Бұл – бәріміздің перзенттік парызымыз. Қазақстанда сепаратизмге жол жоқ! Бұл еліміздің барша азаматтарының талап-тілегі", – деді олар. 

Мұнымен қатар, фракция мүшелері үкіметтің құзырлы органдармен бірге келесі қадамдарды жедел жүзеге асыруы тиіс екені атап өтті:

  1. Құзырлы органдар еліміздің мемлекеттің бұлжұмастығы мен территориялық тұтастығына нұқсан келтіруге қабілетті жасырын, жасырын емес топтарға қатысты құқықтық тексеру жүргізіп, олардың тамырына балта шабу қажет. 
  2. Халық арасында  құқықтық ағарту жүргізе отырып, азаматтардың әрбір сөзі мен қадамының құқықтық терең салдары жөнінде ескерту өте маңызды. 
  3. Жастар, ересектер арасында Қазақстандық патриотизм, мемлекеттік мүдде құндылықтарын уағыздайтын концептуалдық бағыт-бағдар жасау уақыт талабы.
  4. Шекаралық аймақтарда Қазақстан мемлекетінің ақпараттық күш-қуатын арттыратын тетіктер жасау қажет.
  5. Азаматтардың қазақстандық мемлекеттік өзін-өзі сезіну мәдениетін қалыптастыру үшін нақты қадамдар дайындай кезек күттірмейді. 

Оқи отырыңыз: Мұстафа Шоқай: Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін емес


 

Серіктестер жаңалықтары