USD: 472.5 / 475.5
  • EUR: 539.5 / 544.5
  • RUB: 5.83 / 5.95
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Маңғыстауда әйгілі актер Джеки Чан қатысатын халықаралық фильмнің түсірілімі басталды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Джеки Чан Бозжыра шатқалында фильм түсіреді.

Әлемге танымал актер, режиссер әрі продюсер Джеки Чан әйгілі Armour of God: Ultimatum ("Доспехи Бога 4: Ультиматум") фильмінің түсіріліміне қатысу үшін Маңғыстау облысына келді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Актерді өңірге сапары барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қарсы алды.

Әкімдік мәліметінше, фильмнің негізгі түсірілім орындарының бірі Бозжыра шатқалы болады. Кездесу барысында облыс әкімі мұндай халықаралық жобалар өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, инвестиция тартуға және Маңғыстаудың әлемдік деңгейдегі танымалдылығын күшейтуге ықпал ететінін айтты.

Фото: Маңыстау облысының әкімдігі

 

Джеки Чан қонақжайлық үшін алғыс айтып, Маңғыстаудың табиғи ландшафттары ерекше кинематографиялық әлеуетке ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, Бозжырадағы көріністер жаңа фильмнің ең әсерлі эпизодтарының біріне айналмақ.

Armour of God: Ultimatum ("Доспехи Бога 4: Ультиматум") фильмі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсіріліп жатыр. Жобаның өндірісімен қазақстандық Sәlem Entertainment компаниясы айналысады. Фильмнің тұсаукесері 2027 жылдың ақпан айына жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау