XXV қысқы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында шешуші кезеңіне жақындап келеді.
17 ақпанда қазақстандық спортшылар Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарындағы өнерлерін жалғастырады. Олар Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және Khabar телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі:
Шаңғы тебу қоссайыс, үлкен трамплин
Қатысушы: Шыңғыс Ракпаров
Уақыты: 14:00
Фристайл-акробатика, әйелдер (іріктеу)
Қатысушы: Аяна Жолдас
Уақыты: 14:45
Фристайл-акробатика, ерлер (іріктеу)
Қатысушылар: Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов
Уақыты: 17:30
Шаңғы қоссайыс, жарыс кезеңі
Қатысушы: Шыңғыс Ракпаров
Уақыты: 17:45
Мәнерлеп сырғанау, әйелдер қысқа бағдарламасы
Қатысушы: Софья Самоделкина
Уақыты: 22:45
Еске салайық, Михаил Шайдоров Италияның Милан және Кортина қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындары аясында ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан алтын жеңіп алды.