Тікелей эфир

Мал экспортына қандай шектеулер қойылды?

Аналық малды шетелге сатуға тыйым салынған.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Батыс Қазақстан облысының фермерлерімен кездесу барысында мал экспортына қатысты шектеулерді түсіндірді.

Оның айтуынша, ведомствоаралық комиссия 31 тамызда малды шетелге сатуға қатысты квоталарды бекіткен. Атап айтқанда, бұқашықтарды әкетуге – 60 мың бас (жалпы мал басының 9%) көлемінде квота белгілеу және қошқарларды әкетуге – 120 мың бас (мал басының 10%) квота белгіленген. Ал аналық малды экспорттауға толық тыйым салынды.


Оқи отырыңыз: Ауыл кәсіпкерлері қалай 5-12 млн теңге несие ала алады?


Министр, сондай-ақ биыл ауыл шаруашылығына қосымша қаражат бөлінгенін айтты. Субсидиялаудың жалпы көлемі 451 млрд теңгені құрайды, "Кең дала» бағдарламасы бойынша қаржыландыру 2 есеге артып, 140 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ форвардтық сатып алуға бөлінген сома өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 80 млрд теңгені құрады.

Бұдан басқа, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақының қолданыстағы нарықтық мөлшерлемесі 20% болған кезде фермерлер үшін небәрі 6% мөлшерлеме көзделген, қалғанын мемлекет өтейді.

Серіктестер жаңалықтары