Тікелей эфир

Максим Фадеевтің Салтанат Нүкенованы еске алуға арналған әні жарыққа шықты

Сазгер қазақтандық әйелдің өліміне қатысты оқиғаны назардан тыс қалдыра алмайтынын айтты.

Ресейлік композитор әрі продюсер Максим Фадеев Салтанат Нүкенованы еске алуға арналған жаңа Salta әнінің толық нұсқасын ұсынды.

"Бұл әнді не үшін жаздым және неге белгілі бір адамға арнағаным туралы сұрақ туындайтын шығар. Салтанат есімді қыздың өліміне қатысты Қазақстанда орын алған жағдай мені қатты шошытты. Бұл тақырыптың қасынан айналып өтуге құқығым жоқ еді. Мен ол музыка арқылы болса да өмір сүруі керек деп шештім. Бұл әуен оған арналған", – деді Максим Фадеев.

Бұл ән баршаға адам өмірінің құндылығын еске түсіретініне сенім білдірді.


Оқи отырыңыз: "Тұншықтыру мен арқан ізі бар". Салтанат Нүкенованың көмекшісі Қуандық Бишімбаев екеуінің өмірі туралы айтты


2023 жылы 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Хабарланғандай, 8 қараша күні кешке Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, соның салдарынан әйел алған жарақатынан көз жұмды. Экс-министрдің әйелі, Павлодар қаласының тумасы Салтанат Нүкенова болып шықты. Бишімбаевтың өзі сол күні кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Серіктестер жаңалықтары