Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Кемелбек Ойшыбаев "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Ләззат Танысбай "Хабар" агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Ләззат Танысбайдың телевизия және медиа саласындағы еңбек өтілі 30 жылдан асады. Әр жылдары ол "Астана" телеарнасын, "Нұр-Медиа" медиахолдингін, "Қазақстан" РТРК" АҚ-ны және "Бірінші арна Еуразия" телеарнасын басқарған.

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған.

Жаңа қызметінде Ләззат Танысбайға "Хабар" агенттігінің қалыптасқан әлеуетін сақтай отырып, негізгі қызмет бағыттарын кезең-кезеңімен жаңғырту міндеті жүктелді.

Сонымен қатар 24KZ телеарнасының еліміздің жетекші қоғамдық-саяси арнасы ретіндегі орнын нығайту көзделіп отыр.

Осыған байланысты Кемелбек Ойшыбаев "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау