Тікелей эфир

Күйеуі 5 қыз босанған әйелін ұл тумағаны үшін соққыға жыққан

Биыл 35 отбасын қолдау орталығы ашылды.

2021 жылдың өзінде жасөспірімдерге қатысты 2 614 қылмыстық іс тіркелді. Сонда күн сайын 7 бала зиян шеккен. Отбасындағы зорлық-зомбылықты алдын алу шараларын күшейтуіміз керек, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Динара Закиева.

"Дағдарыс орталығына барған кезде отбасында зорлық-зомбылық көрген 5 әйелмен кездестік. Солардың біреуін құшақтай берген кезде оның мені мүлдем көрмей тұрғанын түсіндім. Жас келіншекті күйеуі көзі көрмей қалғанша ұрған. Екінші әйелді күйеуі 5 қыз баланы дүниеге әкеліп, арасында бірде бір ұл бала болмағаны үшін ұрған. Сот оларды ажырастырды, бірақ бес баламен қайда барады? Өзі де, бұрынғы күйеуі де жұмыссыз. Үшіншісі – еңбектеген баласы бар жас келіншек. Баласы бізге былдырлап сөйлеп жүр, өзінің тағдыры қаншалықты ауыр екенін әзірге білмейді. Әлемнің қаншалықты қатал болуы мүмкін екенін түсінбейді. Бұл баланың әкесі де жас әйелді ұрған. Мені әйелдің мұңайған көздерінде әлі де үміт отының бар екені таңғалдырды", – деді Еуропа мен Орталық Азиядағы БҰҰ әйелдер өкілі Мария Доценко.

Сондай-ақ, ол дағдарыс орталығында әйел мен баласы үшін барлық жағдайдың жасалғанына тоқталып өтті. Айтуынша, сонда жұмыс істейтін азаматтар әрі қарай не істеу керегін нақтылап түсіндіріп береді.

Мұнымен қатар, Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Динара Закиева әйелдер мен жасөспірімдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан құтқару үшін "111" қызметі мен дағдарыс орталықтары туралы ақпараттарды таратудың маңыздылығына тоқталды.

"2015-2017 жылдармен салыстырғанда әйелдерге тұрмыста зорлық-зомбылық көрсету қылмыстарының 2 есе өсті. Сондай-ақ, жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыстар саны да артты. 2021 жылдың өзінде жасөспірімдерге қатысты 2 614 қылмыстық іс тіркелді. Сонда күн сайын 7 бала зиян шекті деген сөз. (...). Алдағы бес жыл ішінде 234 отбасын қолдау орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Биыл мұндай 35 орталық ашылды", – деді Динара Закиева.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары