USD: 493.5 / 496.3
  • EUR: 573.0 / 578.0
  • RUB: 6.61 / 6.73
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

"Көзбояушылық па?". Алатауда көптің көзінше егілген көшеттер екі аптадан кейін қайта қазылып алынған

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Көпір маңына егілген көшеттердің орны бос қалды.

Алматы облысындағы Алатау қаласында жақында егілген ағаш көшеттерінің екі аптадан кейін қайта қазылып алынуы тұрғындардың наразылығын тудырды. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан кейін жергілікті билік жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тұрғындардың айтуынша, мамыр айында жаңа көпір маңын көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, ондаған ағаш көшеті отырғызылған. Алайда арада екі апта өткенде жұмысшылар сол көшеттерді қайта қазып алып, жүк көліктеріне тиеп әкеткен.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба авторы бұл әрекеттің себебіне күмән келтіріп, көгалдандыру жұмыстары есеп үшін ғана жүргізілген болуы мүмкін деген пікір білдірген. Оның айтуынша, мұндай жағдай бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына қатысты сұрақтар туындатады.

Оқиғаға байланысты Алатау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме жариялады.

"Бұл ағаштар "Таза Қазақстан" акциясы аясында егілген. Алайда тәлімбақтан қазып алу кезінде көшеттердің тамыр жүйесі зақымданып, соның салдарынан ағаштардың бір бөлігі қурай бастаған. Осыған байланысты кепілдік міндеттемелер аясында қураған көшеттер алынып, олардың орнына жаңа ағаштар егіліп жатыр", – деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.
 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз