Конституция жобасын әзірлеуге ғалымдар мен тіл мамандары тартылды – Ерлан Қарин

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Қолданыстағы Конституция мәтіні қайта қаралды.

Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қолданыстағы Конституция мәтінін жетілдіруге қатысты атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Оның сөзіне қарағанда, Конституция мәтінін редакциялау бір-екі апта бұрын басталған жұмыс емес. Бұл үдеріс былтыр қазан айында e-Otinish платформасы арқылы түскен ғалымдардың ұсыныстарынан кейін қолға алынған.

"Нәрікбаев университетінің оқытушысы Марат Ахмади қолданыстағы Ата заңдағы терминологиялық, аударма және мағыналық қателіктерге қатысты 15 беттен тұратын талдау жолдаған. Ұсыныспен танысқаннан кейін ғалым Ақордаға шақырылып, пікір алмасу жүргізілген. Кейін Нәрікбаев университетінің базасында Конституция мәтінін редакциялайтын арнайы жұмыс тобы құрылды. Топ құрамына құқықтанушы ғалымдар, тіл мамандары, мемлекеттік органдардың, Парламент пен Үкіметтің өкілдері енген. Жұмыс барысында 1995 жылы қабылданған Конституциядағы тілдік, құқықтық-терминологиялық дәлсіздіктерге, стилистикалық және мағыналық сәйкессіздіктерге ерекше назар аударылған", – деді Мемлекеттік кеңесші.

Мемлекеттік кеңесші жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жаңа Конституция жобасының мәтіні сапалық әрі мазмұндық тұрғыдан жақсарғанын атап өтті. Оның айтуынша, құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасы бұрынғыға қарағанда түсінікті әрі ұғынықты бола түскен.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз