Тікелей эфир

"ҚазМұнайГаз" 2022 жылы IPO-ға шығады

Компания акцияларын мобильді қосымша арқылы сатып алуға болады.

V Astana Finance Days конференциясы аясында "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның IPO-сы 2022 жылы өтетінін жариялады. "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ акцияларын бастапқы орналастыру AIX және KASE алаңдарында жүргізілетін болады.

Осы мақсатта қор "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-мен бірлесіп, қазақстандық жетекші инвестициялық банктерді тартқан. 

"Халықты барынша көп тарту мақсатында, біз Қазпоштаның, биржалардың және брокерлердің цифрлық инфрақұрылымын пайдалануды жоспарлап отырмыз. Мысалы, акцияларды үйден шықпай-ақ мобильді қосымшалар арқылы сатып алуға болады, ал шалғай өңірлер үшін – Қазпошта бөлімшелерінің қызметтері пайдаланылады", – деді Алмасадам Сәтқалиев. 

Ол қазақстандықтарды мұнай-газ ұлттық компаниясының акцияларын сатып алуға қатысуға шақырды. 


Оқи отырыңыз: "Самұрық-Қазына" қорының активтері жекешелендіріледі


 

Серіктестер жаңалықтары