Несие екінші деңгейлі банктер арқылы рәсімделеді.
7 287 қазақстандық студент Білім және ғылым министрлігі "Қаржы орталығы" АҚ көмегімен білім беру несиелерін алды. Ұйым несиелер бойынша кепілдік береді. Нәтижесінде талапкерлер мен студенттер негізгі қарыз сомасын төлеу мерзімін 10 жылға дейін ұзартып, несие ала алады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Білім несиесін алған студент оқуын аяқтағаннан кейін 6 айдан соң негізгі қарыз сомасын өтей бастайды. Несие сомасы шектелмеген, ең бастысы, ол оқу құнынан аспауы тиіс. Сондай-ақ, түлек айыппұл санкциясынсыз қарызды мерзімінен бұрын төлей алады", – делінген БҒМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз:
- Әлеуметтік осал топтағы азаматтар білім грантын квотамен иелене алады. ҰБТ нәтижесі шекті балға сәйкес келуі тиіс
- БҒМ 2021-2024 жылдарға арналған білім гранттарының санын жариялады. Толық тізім
Несиені екінші деңгейлі банктер арқылы рәсімдеуге болады. Талапкер білім беру несиесін алу үшін серіктес қарыз алушыны ұсынуы қажет. Ол банкке жұмыс орнынан соңғы 6 айдағы кірістері мен зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларды тапсыруы тиіс.
Сонымен қатар серіктес банктердің әрқайсысы қарыз алушыға қойылатын талаптар мен оқу ақысын төлеуге несие беру шарттары көрсетілген жеке бағдарлама әзірлеген.
Банктің оң шешімінен кейін банк қарыз шартын жасап, кредит сомасы оқу орнының шотына аударылады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-