Ең тапшы мамандар – терапевт, терапевт, акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, инфекционист, эпидемиолог және пульмонологтар.
Қазақстанда дәрігер жетіспеушілігіне байланысты науқастар міндетті медициналық сақтандыру қорына ай сайын жарна аударып отырғанына қарамастан кей дәрігерлерге қаралу үшін айға дейінгі кезекте тұрады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қазіргі таңда педиатр, инфекционист, кардиолог, эпидемиолог, пульмонологтар тапшы. Ал жалпы практика дәрігерлері, анестезиолог-реаниматолог, терапевт, акушер-гинеколог тіпті жоқтың қасы.
Арна тілшілері тілдескен ақтаулық Әсел есімді тұрғын кезегін бір айдан бері күтіп жүр. Ол отадан кейін дәрігерге қайта қаралмақ болған. Алайда аураханада дәрігер жетіспейді, есесіне емделуші көп.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда балалар аутизмін ерте анықтайтын дәрігер жоққа жақын
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше өңірде 276 дәрігердің жетіспейді. Басқарма өкілінің айтуынша, баспанамен қамтамасыз ететін әлеуметтік бағдарламалардың барына қарамастан маман тапшылығы жойылмай отыр. Облыста анестезиолог-реаниматолог пен тәжірибелік дәрігерлер аса тапшы.
"Жалпы тәжірибелік дәрігерлер жетіспейді. Ол біздің барлық бастапқы-санитарлық көмек көрсету ұйымдарына қажет. Ақтау қаласы жергілікті бюджет есебінен 75-ке жуық маман интернатурада және резинтурада дайындалып жатыр. Ол мамандар дайындалып келгеннен кейін 5 жыл жұмыс істеп, міндетін өтейді", – деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айгүл Телегенова.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
300
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
272
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
253
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
258
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
254
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
257
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
251
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
255
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
252
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
256
-
0
-
0
-