Қазақстанда қымыз бен шұбаттың өндірісі азайып, бағасы өсті – Energyprom

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Дегенмен, ұлттық сусындарға деген қызығушылық ішінара сақталып отыр.

Қазақстанда ұлттық сусындар – қымыз бен шұбат өндірісі соңғы жылдары тұрақсыздыққа тап болды. Energyprom cарапшыларsyың айтуынша, бұл өнімдерге деген сұраныс сақталғанымен, өндіріс көлемі айтарлықтай төмендеп келеді.

Соңғы жылдары қымыз өндірісі алдымен қарқынды өсім көрсеткен. Мәселен, 2016 жылы елде небәрі 655 тонна қымыз өндірілсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш шамамен төрт есеге артып, 2,5 мың тоннаға жеткен. Алайда кейін күрт төмендеу байқалды: 2024 жылы өндіріс 1,5 мың тоннаға дейін қысқарса, 2025 жылдың қорытындысында 1,1 мың тоннаны құрады.

Осыған ұқсас жағдай шұбат нарығында да тіркеліп отыр. 2021 жылы өндіріс көлемі 4,4 мың тоннаға жетсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1,4 мың тоннаға дейін төмендеген. Осылайша, қысқа уақыт ішінде нарық өсім кезеңінен қысқару кезеңіне өткен.

Биылдың қаңтар-ақпан айларындағы деректер де тұрақсыздық сақталып отырғанын көрсетеді. Қымыз өндірісі 215 тоннаны құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20,8%-ға артқан (178 тонна). Дегенмен бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңіндегі 314 тоннадан әлдеқайда төмен.

Шұбат бойынша да көрсеткіштер айтарлықтай жоғары емес. Биылғы алғашқы екі айда 206 тонна өндірілген. Бұл өткен жылғы 184 тоннадан жоғары болғанымен, 2024 жылғы 479 тоннамен салыстырғанда айтарлықтай аз.

Сарапшылар бұл жағдайды өндірістік шығындардың өсуімен, шикізат тапшылығымен және маусымдық факторлармен байланыстырады. Соған қарамастан, ұлттық өнімдерге деген қызығушылық сақталып отыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз