USD: 471.5 / 474.5
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

ІІМ жасөспірімдерге әлеуметтік желідегі қауіпсіздік ережелерін еске салды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Министрлік жасөспірімдерді интернеттегі қауіптерден сақ болуға шақырды.

Ішкі істер министрлігі жасөспірімдерге интернет кеңістігінде жеке қауіпсіздікке мән беру керегін ескертті.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілер қарым-қатынас жасауға, білім алуға және өмірдегі сәттермен бөлісуге мүмкіндік бергенімен, жеке мәліметтердің ашық жариялануы қауіп тудыруы мүмкін.

ІІМ негізгі қауіпсіздік ережелерін атады:

  • мекенжай, телефон нөмірі, мектеп атауы, сабақ кестесі және орналасқан жерді анықтауға мүмкіндік беретін басқа да жеке ақпараттарды жарияламау;
  • геолокация көрсетілген фото мен стористерді нақты уақыт режимінде салмау, оларды сол жерден кеткеннен кейін жариялау;
  • достар қатарына тек жеке танитын адамдарды қосу;
  • парақшадағы құпиялық баптауларын реттеп, жарияланымдарды тек сенімді адамдар көре алатындай ету;
  • бейтаныс адамдарға жеке фотоларды, құжаттарды және құпия ақпараттарды жібермеу;
  • күмәнді адамдармен байланысты бірден тоқтату және олардың аккаунттарын бұғаттау.

Министрлік өкілдері бейтаныс адам шамадан тыс қызығушылық танытып, жеке мәліметтерді сұраса, қайда жүргенін білетінін айтса немесе қорқытуға тырысса, бұл туралы ата-анаға, заңды өкілге немесе сенімді ересек адамға міндетті түрде хабарлау қажет екенін айтты.

"Сіздің қауіпсіздігіңіз жазылушылар саны мен лайктардан әлдеқайда маңызды. Цифрлық ортадағы қарапайым ережелерді сақтау жеке деректерді қорғауға және ықтимал қауіптердің алдын алуға көмектеседі", – деп еске салды ІІМ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау