Газа секторында аштықтан қиналған палестиналықтар азық-түлік қоймаларын тонап жатыр

Фото: AP Photo / Abdel Kareem Hana
Фото: AP Photo / Abdel Kareem Hana
Ал Израиль әскері атыс-шабысты тоқтатқан жоқ.

Газа секторында аштықтан қиналған палестиналықтар азық-түлік қоймаларын тонап жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Халық Біріккен ұлттар ұйымының базасына баса көктеп кірген. Соның салдарынан қысылып қалған бірнеше адам қаза болды. 

Қарулы шабуылдан көз ашпаған аймақта жағдай күннен күнге қиындап барады. Ішерге ас таппай тығырыққа тірелген халық кімнен көмек сұрарын білмейді. Олар амалдың жоқтығынан тамақ толы қоймаларға күшпен кіруге мәжбүр. Себебі, гуманитарлық көмек тасыған көліктердің саны шектеулі. Ондағы қажет заттар мен азық-түлік тұрғындардың барлығына жетпей жатыр. 

Ал Израиль әскері атыс-шабысты тоқтатқан жоқ. Тіпті, олар ХАМАС ұйымының басшысы Мохаммед Синварды өлтірдік деп мәлімдеме жасады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз