Тікелей эфир

FlyArystan енді елордадан Ақтөбе мен Оралға қатынайды

Батыс Қазақстан өңірінің саяхатшылары діттеген жеріне қауіпсіз Airbus A320 ұшағымен қолжетімді бағада жете алады.

FlyArystan әуекомпаниясы жаңа бағыттарға – астанадан Ақтөбе мен Оралға билеттерді сатып алуды ұсынады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Билеттер FlyArystan мобилдік қосымшасында және flyarystan.com сайтында қолжетімді:

  • елорда – Орал 11 500 теңгеден бастап, ал кері бағытта 12 000 теңгеден бастап (23 мамырдан дүйсенбі және сенбі күндері);
  • астана – Ақтөбе 8 000 теңгеден бастап және кері бағытта 8 500 теңгеден бастап (2 маусымнан бейсенбі және жексенбі күндері).

"Елордаға тікелей рейстер басқа өңір тұрғындарының арасында жоғары сұранысқа ие. Жаңа бағыттар Орал мен Ақтөбе тұрғындары жіберген сұрау нәтижесінде іске қосылып отыр. Бұдан былай Батыс Қазақстан өңірінің саяхатшылары діттеген жеріне қауіпсіз Airbus A320 ұшағымен қолжетімді бағада жете алады. Осылайша өңір тұрғындары елордаға іссапармен ғана емес, сонымен қатар, астана тұрғындары Ақтөбе мен Оралдағы туған-туыстарына жиі барып келе алады", – деді FlyArystan сату және маркетинг бөлімінің директоры Мадина Бужинова. 


Оқи отырыңыз: 


Еске салсақ, қазір бюджеттік әуекомпанияның бағдарлар желісіне астанадан Ақтау, Атырау, Алматы, Қостанай, Қызылорда, Шымкент, Семей және Түркістанға ұшатын тұрақты рейстер кіреді. Бұдан өзге Кутаисиге тікелей, Ыстамбұлға түйіспелі рейстер ұсынылады. 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары