Тікелей эфир

Қазақстандықтар биыл жазғы саяхат үшін Мәскеу, Ыстанбұл және Будапештті жиі таңдап жатыр

Ал өткен жылы қазақстандықтар Ресей мен Түркияға жиі барған.

Биыл қазақстандықтар негізінен жазда Мәскеу, Ыстанбұл және Будапешт қалаларына бару үшін ұшаққа билет алып жатыр. Ұшақ билетін қазір сатып алу 24%-ға дейін тиімді, деп хабарлайды aviasales.prezly.com.

Орташа есеппен бір адамға бару және қайту билетінің бағасы келесідей:

  • Мәскеу – 128 894 теңге;
  • Ыстанбұл – 173 726 теңге;
  • Будапешт – 78 450 теңге.

Оқи отырыңыз:


Өткен жылы қазақстандықтар жиі барған елдер – Ресей мен Түркия болған еді. Ол уақытта Ыстанбұлға бару және қайту билеті 32% арзан болса, Ресейге керісінше 25% қымбат болған.

"Қазір қазақстандықтар көктем айларында саяхаттау үшін билет алып жатыр. Ал өткен жылы саяхатқа екі апта қалған кезде билет сатып алған еді. Зерттеу нәтижесінде қазір жазғы айларға ұшақ билетін сатып алудың 24%-ға дейін тиімді екені белгілі болды" делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары