Тікелей эфир

Еуро-2024: Испания құрамасы футболдан Еуропа чемпионы атанды

Еуро-2024 турнирінің финалдық кездесуінде Испания және Англия құрамалары күш сынасты.

Берлин қаласында өткен финалдық ойында Испания құрамасы Англия құрамасынан 2:1 есебімен басым түсіп, Еуро-2024 турнирінің чемпионы атанды.

Ойын есебін испаниялықтар ашты. Матчтың 47-минутында Испания құрамасының шабуылшысы Нико Уильямс гол соқты. Ал ойынның 73-минутында екінші таймда алаңға шыққан Англия құрамасының футболшысы Коул Палмер есепті теңестірді.

Микель Оярсабаль ойынның 86-минутында гол соғып, испаниялықтарды тағы да алға шығарды.

Ойын соңына дейін осы есеп сақталып, Испания құрамасы Еуро-2024 турнирінің жеңімпазы атанды.

Германияның Берлин қаласында өткен финалдық ойында 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияның 10 қаласында өткен Еуропа чемпионаты биыл он жетінші мәрте ұйымдастырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от UEFA EURO 2024 (@euro2024)

Бұл біріншілікте басты жүлдені 24 құрама сарапқа салған болатын.

Сонымен қатар Еуропа чемпионаты тарихында Германия мен Испания құрамалары үш рет жеңімпаз атанған. Ал осы турнирдегі жеңісінен кейін Испания құрамасы аталмыш нәтиже бойынша көш бастап, жаңа рекорд орнатты.

Оcылайша олар төртінші рет Еуропаның үздік құрамасы атанды.

 

Серіктестер жаңалықтары