Тіл мен ортақ әліпбиге қатысты біздің Жоғары білім кеңесі арнайы ұсыныстарын ұйым хатшылығына жолдады. Ол ұсыныстар жоғары бағаланады деп үміттенеміз, деп мәлімдеді Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған.
Түркия мемлекетінің басшысы Түркі елдерін өзара виза байланысын жетілдіруге шақырды.
"Біздің мемлекеттер үшін көлік желілеріне көңіл бөлу маңызды. Бәрімізге ортақ Каспий – Батыс – Шығыс дәлізін дамытуға басымдық береміз. Сауда мен көлік байланысына кедергі келтіретін олқылықтарды азайтатын боламыз. Виза процесін жеңілдетіп, кедендегі кедергілерді болдырмауға тырысамыз", – деді Режеп Тайип Ердоған.
Мұнымен қатар ол Түркия Жоғары білім кеңесінің ұйым хатшысына арнайы ұсыныстар жолдағанын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Түркі мемлекеттері ұйымы мен құрылымдарының туы бір үлгіге келтіріледі
"Түркі мемлекеттерінің бірлігі үшін тіл мен ортақ әліпбидің болуы өте маңызды. Осы тұста мемлекет басшыларының қолдауы да маңызды. Біздің Жоғары білім кеңесі ұйым хатшылығына арнайы ұсыныстарын берді. Ол ұсыныстар жоғары бағаланады деп үміттенеміз", – деді Түркия президенті.