Тікелей эфир

Ердоған Ресей президентін Түркияға шақырды

Түрік басшысының шақыртуын Владимир Путин қабыл алды.

Астанада ШЫҰ саммиті аясында Владимир Путиннің Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздері басталды.

Путин екі ел арасындағы қарым-қатынас үдемелі түрде дамып келетінін, Ердоғанмен үнемі байланыста екенін атап өтіп, әлемдегі жағдай бойынша пікір алмасуға дайын екенін білдірді.

Түрік көшбасшысы президенттердің көбіне тек телефон арқылы байланыста екенін растады, бірақ екі елдің министрлері жиі кездесіп тұратынын еске салды, сонымен қатар Путинді жақын арада Түркияға келуге шақырды. 

"Жақын арада сіздерді, президент мырза, менің елімде күтемін", – деді Ердоған.

Ердоған қазір екі елдің тауар айналымы 55 миллиард доллар деңгейінде екенін, бірақ мақсат 100 миллиардқа жету екенін айтты.

Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Бірінші арнаға айтқандай, кездесу кем дегенде бір сағатқа созылады, екі ел өзара қызығушылық тудыратын барлық мәселелер туралы сөйлесетін боламыз, соның ішінде Украина мен Сириядағы жағдай міндетті түрде сөз болады, деп түсіндірді Кремль өкілі.

ШЫҰ саммитінде 16 мемлекеттің басшылары мен Үкімет басшылары бас қосады. Форумға БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш те қатысады. Кездесудің негізгі бағдарламасы 4 шілдеге жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары