Тікелей эфир

Енді жолаушылар ұялы телефонындағы жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп тексерістен өте алады

Нақты шешім 11 қарашадан кейін қабылданады.

Енді жолға шыққан жолаушы ұялы телефонындағы жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп-ақ кез келген тексерістен өте алады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Себебі, еліміздегі барлық әуежай мен теміржол бекеттерінде электронды құжат жарамды болмақ. Демек, Қазақстан азаматтарына бұрынғыдай жеке куәлігін өзімен бірге алып жүру міндеттелмейді.

Көлік министрлігі "әуе және теміржол жолаушыларының жеке басын куәландыратын құжатты тексеру қағидаларына" өзгерістер енгізбек.

Қазір жаңа ережелер "Ашық" порталына қоғамдық талқыға шығарылған. Нақты шешім 11 қарашадан кейін қабылданады.

Жоба көпшілік тарапынан қолдау тапса жолаушылар әуежайлар мен вокзалдарда тіркеу, тексеру, отырғызу кезінде куәліктің электрон нұсқасын ғана көрсетуге құқылы болады. Ал бұл бастаманы қолдайтындар көп екен.

Серіктестер жаңалықтары