Енді салыққа қатысты сұрақтарға жауап беретін бірыңғай колл-центр іске қосылуы мүмкін, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қазақстан азаматтары 1484, болмаса 8 800 080 30 84 нөміріне хабарласып салықтан бөлек, бюджеттік есепке, мемлекеттік сатып алу мен электрондық шот-фактуралар мәселесі бойынша кеңес ала алады.
Сонымен қатар е-қазына мен бухгалтерлік операцияларға қатысты ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік бар. Бұл қызметтерді ұсынатын жаңа желі қосуды Қаржы министрлігі ұсынған.
Бастама әзірге қоғам талқылауында.