USD: 482.7 / 485.3
  • EUR: 550.5 / 555.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Енді мойындағы алқа, құлақтағы сырға тіпті қолдағы сақинаның да цифрлық құжаты болады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жаңа жүйе бағаны 10–40% дейін көтеруі мүмкін.

Қазақстанда енді мойындағы алқа, құлақтағы сырға немесе қолдағы сақинаның да цифрлық құжаты болады. Өндірушілерге бұйымдарды таңбалауға міндеттеу жоспарланып отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жаңа жүйе бойынша, мысалы, базардан немесе зергерлік дүкеннен сақина сатып алсаңыз, QR кодты сканерлеп, оның қайда жасалғанын, қандай материалдан өндірілгенін көруге болады. Бұл шара көлеңкелі бизнесті азайтып, салық түсімін арттыруға бағытталған.

Алайда зергерлер бұл талапқа қатысты алаңдаушылық білдіріп жатыр.

"Таңбалау қосымша шығындарды талап етеді. Бізге әр бұйымға 3 теңге ғана деп айтты, бірақ қосымша 2D-сканерлер, құрал-жабдықтар және маман жалдау қажет. Бұл – бизнеске қосымша жүктеме", – деді Зергерлік бұйымдар лигасының төрағасы Дінмұхамед Табылды.

Министрліктің пікірінше, цифрлық таңбалау нарықты "тазартуға", контрабанданы азайтып, адал бәсекені қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүйе келер жылдың желтоқсанынан бастап міндетті болады. Әр бұйым арнайы кодпен белгіленіп, қозғалысы толық бақыланады – кім өндіргені, кім сатқаны және қайдан келгені тіркеледі.

Экономист Дулат Мыңбаевтың айтуынша, бұл шара тауардың бағасына әсер етуі мүмкін.

"Баға 10–15%-ға көтерілуі мүмкін, бірақ ашық сауда арқылы сатып алу мүмкіндігі артады. Егер сатушы көлеңкелі жолмен сата қалса, бағаны төмендетуге тура келеді", – деді экономист.

Кәсіпкерлердің есептеуінше, жаңа жүйе бағаны 40%-ға дейін өсіруі мүмкін, бұл тұтынушыға да әсер етеді. Қазір елде 4,5 мыңға жуық адам зергерлік нарықта жұмыс істейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз