Тікелей эфир

Еліміздің солтүстігінде ірі қара арасында бруцеллез өршіп барады

Бір аптаның ішінде 400-ден астам сиыр мен бұзаудан ауру анықталған.

Еліміздің солтүстігінде ірі қара арасында бруцеллез өршіп барады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Малдар шаруашылықтардан алынып, союға жіберілді. Атап айтқанда, маусым айында 408 бас ірі қара малдан бруцеллез анықталған. Індет жұқтырған малдардың 90 пайызы шаруа қожалықтарына тиесілі.

Теріскейдегі бес ауданда шектеу шаралары енгізілген. Соған сәйкес сиыр етін, сүтін пайдалануға және сатуға тыйым салынады. Ал бруцеллез табылған фермалар бақылауда болады. Оларда қалған малдардан екі апта сайын қан сынамалары алынады. Ауруды жұқтырған түлік болса бірден санитарлық союға жіберіледі.

"Республикалық противоэпизодиялық жасақпен сауықтыру, қан алу жұмыстары жүргізіледі. Ауру малдарды санитариялық союға жіберіледі. Сонымен қатар қора-жайларда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", – деді СҚО Ветеринария басқармасының бөлім басшысы Нариман Тасболатов.

Серіктестер жаңалықтары