USD: 471.5 / 474.5
  • EUR: 537.5 / 542.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +21C
Все города

Елімізде бір аптадан соң 1-сыныпқа қабылдау аяқталады

Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.

Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады

Өтініш беріп үлгермегендер құжатты Еgov.kz электронды үкімет уеб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады.

"1-сыныпқа балалар алты жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталып, 4 айда 350 453 өтініш түсті, 1-сыныпқа қабылданған балалардың 71,2 пайызы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған. 

Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау