Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанады

Елена Рыбакина. Фото: ҚТФ
Елена Рыбакина. Фото: ҚТФ
Жартылай финалда Рыбакина украиналық теннисші Элина Свитолинамен кездеседі.

Indian Wells Open турнирінде әйелдер арасындағы жекелей сында ширек финал матчы аяқталды. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған америкалық Джессика Пегуламен кездесті.

Кездесу Рыбакинаның айқын басымдығымен өтті. Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте — 6:1, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Матч 1 сағат 30 минутқа созылды. Жартылай финалда Рыбакина украиналық теннисші Элина Свитолинамен кездеседі.

Бұл жеңістен кейін Рыбакина карьерасында алғаш рет әлемнің екінші ракеткасы атанады. Өйткені ширек финалда әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтек Свитолинаға есе жіберді. Дүйсенбі күні жаңартылатын рейтингте Рыбакина мен Швёнтек ресми түрде орын ауыстырады.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз