Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина / Фото: WTA
Елена Рыбакина / Фото: WTA
Қазақстан теннисшілері әлемдік рейтингте ілгеріледі.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жариялады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина рейтингтің екінші сатысында тұрған Польша өкілі Ига Швентекке (7 978 ұпай) жақындай түсті. Ал әлемнің бірінші ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенконың еншісінде 10 990 ұпай бар. Ол Аустралия чемпионатының финалында Рыбакинаға есе жіберген болатын.

Қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымына дейін жетіп, бірден 94-орыннан 70-сатыға көтерілді. Сондай-ақ осы турнирде өнер көрсеткен Зарина Дияс рейтингте 290-орыннан 282-сатыға жоғарылады. Жұптық сында Аустралия чемпионатының финалисі Анна Данилина бірден үш орынға көтеріліп, 14-орыннан 11-сатыға жайғасты.

Ерлер арасында ATP рейтингінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 3 065 ұпаймен 10-орнын сақтап қалды. Ол 9-орында тұрған америкалық Тейлор Фрицке (3 840 ұпай) жақын келеді.

Сонымен қатар Александр Шевченко ТОП-100-ге қайта оралып, 97-орынға (+7) тұрақтады. Ал Тимофей Скатов та нәтижесін жақсартып, 183-сатыға (+12) көтерілді.

Серіктестер жаңалықтары