Бақтияр Сәбденәлиев Қазақстанның геосаяси ахуалды тиімді пайдалана алатынын айтты.
Еуропа экономикалық одағындағы кей әріптестер қиын жағдайға тап болып отырғандықтан, Қазақстан осы тұста "буфер" аймаққа айналуы тиіс. Экономист Бақтияр Сәбденәлиев 31 арна эфирінде берген сұхбатында Қазақстанда тапшы болып жатқан тауарларды сатпай, мұнай мен май өнімдерін тиімді экспорттау керектігін айтты.
– Ресейге салынған санкцияның салқыны, бюджеттік шығындар мен импорт пен экспорттың тепе-теңдігін қандай жағдайда сақтай аламыз?
– Бұл кезде тығырықтан шығудың жолына байыппен қарау керек. Біздің экономикамыз үшін өте жақсы, қолайлы жағдай туындап отыр. Себебі, ЕЭО-дегі әріптестеріміз осындай қиын жағдайда тап болғанда, Қазақстанды "буфер" аймаққа айналдыруға болады.
Өзіміздің пайдалы қазбалар, май өнімдерін сату мәселесін жақсылап қолға алуымыз керек. Оның үстіне қазір әлемде мұнай бағасының шарықтап тұрғаны ұлттық қорға қаражат жинақтауға тамаша мүмкіндік. Тағы бір мәселені ескергім келеді. Өзімізде жоқ нәрсені сыртқа шығармай, өзімізде артық болып жатқан затты ғана сатып, пайда табуға болады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда опа-далап бір айда 40 пайыз қымбаттады
– Биыл да әдеттегідей бюджет шығынына деп триллиондар ұлттық қордан алынбақ. Бюджеттің тең жартысы әлеуметтік төлемдерге жұмсалатынын білеміз. Жалпы қандай шығындарды қысқартуға болады деп есептейсіз?
– Қазір көптеген шығын мәселесін қарастыру қажет. Себебі, жуырда үкімет көптеген министрліктің әлі күнге дейін бюджетті тиімді пайдаланбай отырғанын айтқан болатын. Шотта жатқан қаражаттар пайда табу үшін жұмыс істемеген. Жалақы да, зейнетақы да өте қатты өседі деп айта алмаймыз. Инфляция деңгейі одан да асып түседі. Сол себепті мұндай кейбір популистік шараларды қайта қарастыру қажет шығар.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
263
-
1
-
7
-
-
2💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
234
-
0
-
2
-
-
3💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
235
-
1
-
5
-
-
4👨👩👦👦 Отбасының цифрлық картасы: Биыл 12 мыңнан астам азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді
-
233
-
0
-
4
-
-
5🔫 Жамбылдық полицейлер көлігін “тапшанға” айналдырған шетелдік азаматты анықтады
-
239
-
0
-
5
-
-
6💐 Түркістан облысында елімізде сирек кездесетін перу лалагүлі өседі
-
289
-
0
-
5
-
-
7😱 "Таныстарын заңсыз жұмысқа алған". "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бас директорының орынбасары ұсталды
-
322
-
0
-
4
-
-
8🌡 Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін аптап ыстық сақталады
-
317
-
2
-
5
-
-
9😱"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталды
-
250
-
0
-
6
-
-
10🚆 Үндістанда бірнеше пойыз соқтығысып, үш жүзге жуық адам қаза тапты
-
245
-
0
-
0
-